«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының итальяндық Эни компаниясымен бірге іске асырылатын жобаларын басқару үшін 2009 жылы құрылған «ҚМГ салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС-нің атауын өзгертуге және қызметін қайта бейіндеуге байланысты «ҚМГ-Retail» ЖШС 2017 жылдың 26 қаңтарында қайта тіркелді.

«ҚМГ салынып жатқан кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС-нің атауын өзгерту және қызметін қайта бейіндеу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Өңдеу және маркетинг» бизнес-бағытын трансформациялау шеңберінде жүзеге асырылды, ол үшін «ҚМГ-Retail» ЖШС-не «ҚазМұнайГаз» сауда брендімен мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату желісінің активтері басқаруға берілді.

«ҚМГ-Retail» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады.

«ҚМГ-Retail» ЖШС-нің негізгі стратегиялық мақсаттары мыналар:

  • дербес коммерциялық қызметті жүзеге асыру барысында кіріс алу;

  • өңірлерде қызметін арттыру және сату үлестерін ұлғайту мақсатында «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-тары аз көлемде жұмыс істейтін облыстарда қызметін арттыра отырып, Қазақстан Республикасында ЖМҚС салу/сатып алу;

  • «ҚазМұнайГаз» брендімен жұмыс істейтін ЖМҚС желісін кеңейту мақсатында балама оперейтинг схемаларын (франчайзингтік схемаларды) әзірлеу және кейіннен оларды іске асыру;

  • тиімсіз ЖМҚС-ты анықтау және оларды сату жолымен, сондай-ақ сақтап қалу жолымен бұдан арғы оңтайландыру жөніндегі жұмыс.

Қызметінің негізгі түрлері:

  • өндірушінің кейінгі өңдеу үшін жарамды мұнай өнімдерін қоса алғанда, көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы сату, соның ішінде мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты бойынша операциялар жүргізу;

  • мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы сату нысандарын күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу;

  • жеке қажеттіліктер және бөгде тұлғалар үшін, соның ішінде сатылатын көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерінің сапасын растау шеңберінде көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдеріне, соның ішінде сертификатталған өнімдерге жылжымалы және стационарлық зертханаларда сынақ жүргізу;

  • жеке қажеттіліктер және көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін сатып алушылар үшін көлік-экспедиторлық қызмет көрсету;

  • өндірістік нысандарды, соның ішінде ЖМҚС, АГҚС, мұнай өнімдерінің базаларын және мұнай өнімдері базаларының резервуарларын, сондай-ақ өзге де ғимараттар мен құрылыстарды, негізгі құралдарды мүліктік жалдау (жалға беру);

  • көмірсутек шикізатын өңдеу өнімдерін сақтау бойынша қызмет көрсету.